English (UK)РусскийKazakh

«Алматыметроқұрылыс» АҚ Алматы метрополитенінің екіші кезегінің оң жақтағы төнелінің № 122 желдеткіш камерасында төннелді тесу жұмыстарын жүргізді

«Алматыметроқұрылыс» АҚ метрополитенінің екінші кезегінің ұзындығы 2,74 км құрайтын, Сайран және Москва бекеттері бар бірінші бастама кешенінің құрылысын жүргізуде. Бекеттер мен төннелдердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Алатау бекетіндегі айналма жолынан бастау алатын оң жақтағы төнелдің 1847 м, сол жақ төнелдің 1508 м салынды

Оң жақтағы төнелдің құрылысы КПЩ-12 екі үңгілеу кешендерімен салындуа. Төнелді тесу жұмысы Москва және Сайран бекеттернің арасындағы 11,0 м тереңдікте КПЩ-12 кешенінің көмегімен жүзеге асырылды және төнелді №122 желдеткіш кешенді төнелмен қосты. Төнелді тесу жұмысы аяқталғаннан кейін, инженерлік желілер мен жолдың үстіңгі құрылымын төсеу жұмыстары бастауға мүмкіндік туады. Екінші КПЩ-12 кешені Москва бекеті тарапына қарай төнелдің екінше жартысын салуда, аталған төнелді Москва бекетімен қосуға дейін 170 м қалды. Төнелді тесу жұмыстары келесі жылдың басына жоспарлануда.

Сол жақтағы төнелді салу жұмыстары Херенкнехт кешені арқылы іске асырылуда. Төнелді тесу 2014 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

Сайран бекеті Абай даңғылының астында Брусиловский және Тілендиев көшелерінің арасында орналасады. Москва бекеті Абай даңғылының астында Өтеген батыр көшесі мен Алтынсарин даңғылының арасында орналасады. Бекеттер ашық қазба тәсілімен салынуда. Қазіргі таңда котловандарды қазу аяқталып, басты монолитті темірбетонды құрылымдарын салу жұмыстары жүргізілуде.

Бірінші бастама кезеңінің құрылысы Республикалық бюджеттен қаржыландырылуда, Сырылған үйлерді сатып алу және бастапқы іс-шаралар жергілікті бюджеттен қаржыландырылуда.

01.11.2013
x