English (UK)РусскийKazakh

Ұжым

Метрополитен сияқты орасан зор және қиын құрылысты салу барысында жұмыстың тиімді де маңдырымды түрде жүзеге асырылуында құрылыстың барлық қатысушыларының жоғары біліктілігі мен мол тәжірибелері, сондай -ақ ұжымның бірлігі мен еңбекке деген құлшынысы үлкен рөл атқарды.

«Алматыметроқұрылыс» АҚ-да метро салушыларынан жобалаушы инженерлерге дейін барлығы мығым да ұйымшыл ұжым құруға ат салысты. Олардың еңбегі КСРО заманында да, қазіргі кезде де жоғары бағалануда.

Жобалау, құрылыс жұмыстарында адал қызметі мен еңбектегі ерен көрсеткіштері үшін метро құрылысының көптеген қызметкерлері орден, алқа және құрмет грамоталарымен марапатталған.

x