Заманауи құралдар ме технологиялар
|
||
БАМ-нан 80 жылдардың соңында арнайы техника мен құралдар әкелінді, сонымен қатар, ылди (экскалаторлы) өткелдерді орнатуға арналған қазу кешендері әкелінді. «Бамтоннельстрой» ҚҚТБ «Като» экскаваторының негізінде құрастырылған кешеннің тоннелдік экскаватор және тоннелдік дуалды әрлеу жұмыстарын атқара алады және де тоннелдің бойымен басқа да қосымша жұмыстар жасауға мүмкіндік береді. Замауни технологияларды енгізу бойынша жоспарды жүзеге асыру үшін Алматы метрополитенін салу барысында Herrenknecht AG неміс компаниясының Herrenknecht S-320 жоғары өндірісті тоннелқазушы кешені сатып алынған. Herrenknecht AG компаниясының ТҚМК метрополитеннің өткелдік тоннелдің көлік құралдарының үзіліссіз жүруін қамтамасыз ететін және жоба талаптарына сай, тынымдылығы мен беріктігі жағынан және құрылымдарының ұзақ мерзімділігі бойынша, қала аумағын экологиялық тұрғыдан қорғау және апаттар болмауы жағынан сапасы сәйкес болатын. Қолданыстағы тоннелдік өткелдерді қазу технологиясы заманауи компьютерлік навигациялау және басқару жүйелерімен қамтамасыз етілген, ол өз кезегінде қалқанды бейімі мен жоспары бойынша болар-болмас ауытқулармен жүргізуге мүмкіндік береді. ТҚМК көп салалы құрал-жабдықтары мен жоғары дәлдіктегі тоннелдік сақиналар Алматы метрополитені тоннелдерінің қабырғаларының жоғары сапалы әрленуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ТҚМК іске қосу үшін «Алматыметроқұрылыс» АҚ мен Herrenknecht AG қызметкерлері ТҚМК-ны жер асты жағдайында құрастыру сияқты техникалық тұрғыдан қиын жұмысты жасады. 40,0 метр тереңдікте үш ай мерзімі ішінде ТҚМК құрастырылып іске қосылды.
Жер қойнауынан қазылып алынған топырақты тасымалдау үшін тоннелдік таспа конвейері қолданылады, ал оны жер бетіне шығару үшін экскалатор тоннелінде орнатылған арнайы көлбеу конвейер пайдаланылады. Бекеттік тоннелдерді ЖАҚӘ әдісі бойынша салу үшін келесі құралдар қолданылады:
1. Atlas Copco бұрғылау қондырғысы;
Алматы метрополитенінің қауіпсіздігі «ҒЗО» ҚҒЗИ ААҚ «Тоннелдер мен метрополитендер» (Мәскеу) сейсмикалық жағынан берік тоннелдік құрылымдардың қолданылуынан және бекеттік тоннелдерді салу барысында «Бетон унд Мониербау» (Австрия) фирмасының алдыңғы қатарлы әзірлемлерінің пайдаланылумен қамтамасыз етілген. |