English (UK)РусскийKazakh

Алматы метрополитені құрылысының елеулі кезеңдері

АЛМАТЫ МЕТРОПОЛИТЕНІ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ КЕЗЕҢДЕРІ  

1988 жыл

7 қыркүйек – Фурманов көшесі мен Октябрдің 50 жылдығы даңғылының қиылысында 16 сағат 25 минутта «Средастроймеханизация» трестінің мехколоннасының экскаваторшысы Ромсан Топаев Алматы метрополитенінің бірінші бекеті – Октябряскаяның құрылысы үшін жер қойнауынан алғашқы топырақ ожауын алды.

28 қыркүйек – Көлік құрылысы министрлігі министірі В.А.Брежневтің қолы қойылған № 156-ОР бұйрығы бойынша Алматыдағы метрополитен құрылысын жүргізу 01.01.1989 жылдан бастап «Бамтоннельстрой» ТҚБ-не. тапсырылады. Қазан – «Октябрская» және «Жібек Жолы» бекеттерінің арасындағы өткелдің № 13 желдеткіш оқпанын орнату жұмыстары басталды.

1989

№ 17 желдеткіш оқпанын, № 14-бис, № 15-бис жұмыс оқпанын, «Алмалы» бекетінің колбеу өткелін орнату жұмыстары басталды. Алматы қаласындағы метрополитенді салу барысында колбеу өткелді орнату үшін «Бамтоннельстрой» кәсіпорнының мамандары «Като» жапон экскаваторының негізінде үңгу кешенін құрастырды. «Октябрьская» бекеті жағынан сол жақтық өткелдік тоннелді КТ 5,6-Д2 механикаландырылған өткелдік кешені арқылы салу жұмыстары басталды.

1990 
«Жібек жолы» бекетінде № 110-бис, № 114-бис, № 112-бис жұмыс окпандарын, № 19, № 15, № 113 желдеткіш окпандарын және колбеу өткелді салу жұмыстары басталды. «Алатау» бекеті жағынан сол жақтық өткелдік тоннелді КПЩ-12 механикаландырылмаған үңгу кешені мен салу жұмыстары басталды.

11 мамыр - Қаз ССР Министрлер Кеңесі «Алматы қаласындағы метрополитеннің бірінші кезегінің бірінші желісінің құрылысын қамтамасыз ету туралы» № 182 қаулы қабылдады және жұмыстың орындаушыларын, мерзімін мен көлемін бекітті.

1991 жыл
«Алатау» бекеті жағынан оң жақтық өткелдік тоннелді КПЩ-12 механикаландырылмаған үңгу кешенімен салу жұмыстары басталды. «Райымбек» бекеті жағынан оң жақ өткелдік тоннелдің құрылыс жұмыстары басталды.

1992 жыл
15 мамыр - Метрополитеннің бірінші кезегінің құрылысын біріңғай құрылым арқылы басқару және бөлінген қаржыны тиімді пайдалану мақсатында Алматы қалалық әкімшілігі басшысы З.К. Нұрқаділовтің шешімі бойынша Алматы қаласындағы метрополитенді жобалау және салу басқармасы таратылып, бұрынғы бас мердігер мен тапсырыс беруші мекеме негізінде Жобалаушы-құрылыс бірлестігі ЖҚБ «Алматыметроқұрылыс» құрылды. 

№ 111 желдеткіш окпанды салу жұмыстары басталды.

1993 жыл

1 қаңтар – «Алмаатагипротранс» институтынан метро бөлімі бөлініп шыкты, ЖҚБ «Алматыметроқұрылыс» құрамыда П.В. Пашковски басшылық ететін дербес «Метропроект» кәсіпорны құрылды. «№ 1 Тоннель тобы» ЖШС «Жібек Жолы» бекетінің сол жақ өткелдік тоннелдің құрылыс жұмыстарын бастады. № 18 - бис жұмыс окпанын үңгу жұмыстары басталды. Алматы-2 темір жол бекетінің темір жолдары астымен өткелдік тоннелдердің оң жақ портал жағынан бастап электр депосына қарай құрылыс жұмыстары басталды.

5 ақпан – «Жібек Жолы» және «Райымбек» бекеттерінің арасында оң жақ тоннелді «Жібек Жолы» бекетімен түйістерілді.

1994 жыл

31 наурыз – Алматы қалалық аумақтық мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитетінің қаулысына сәйкес «Алматыметроқұрылыс» ААҚ құрылды.

1996 жыл

Шілде – «Абай» бекетінің колбеу өткелін құру жұмыстары басталды. ТНУ-4 үңгу кешені қолданылды.

2001 жыл

22 қараша – Сол жақ өткел беткейі «Тұлпар» бекетінің батыс келу жолымен түйістірілді. «Алатау» бекетінен «Тұлпар» бекетіне дейін ұзындығы 1330 метр тоннель 11 жыл қазылды.

2004 жыл

4 тамыз – «Жібек Жолы» және «Алмалы» бекеттерінің арасында сол жақтық өтпелі тоннель түйістірілді. 

4 қазан – «Жібек Жолы» және «Алмалы» бекеттерінің арасында оң жақтық өтпелі тоннель түйістірілді.

21 желтоқсан – оң жақ отпелі тоннель«Тұлпар» бекетінің шығыс келу жолымен түйістірілді. «Алатау» бекетінен «Тұлпар» бекетіне дейін, ұзындығы 1323 метр тоннель 13 жыл қазылды.

2005 жыл

19 сәуір – Австриялық «Бетон унд Мониербау» компаниясының мамандарымен бірге «Жібек Жолы» бекетінің сол жақ бекеттік тоннелінің құрылыс жұмыстары басталды.

7 қараша – Салынып жатқан метропоплитеннің «Алмалы» бекетіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев келді.

2006 жыл

1 қаңтар – «Тұлпар» және «Байқоңыр» бекеттерінің сол жақ өткелдік тоннелін салу жұмыстары аяқталды. «Байқоңыр» бекетінің көлденең камерасының құрылыс жұмыстары басталды. Жароков көшесінің астында қорғаныс экрандарын орнату жұмыстары басталды. Экранды орнату үшін «Херренкнехт АГ» фирмасының микротоннелөткелдік кешені (МТПК) AVN -600 қолданылды. қалқанын «Алмалы» бекетіне «Херренкнехт» қалқаны іске қосылды.

9 маусым – оң жақ откел тоннель мен «Байқоңыр» бекетінің көлденең камерасы түйістірілді.

7 шілде – сол жақ өткелдік тоннель мен «Алмалы» бекетінің конвейерлік камерасымен түйістірілді. («Херренкнехт» үңгу кешеннің тұңғыш түйістірілді).

«Алмалы» бекетінің оң жақ бекеттік тоннелінің құрылыс жұмыстары ЖАҚӘ тәсілімен басталды, сонымен қатар «Тұлпар» бекетінің ылди өткелін салу жұмыстары басталды.

2007 жыл

«Тұлпар» бекетінің сол жақ бекеттік тоннелінің құрылысы басталды, «Алмалы» бекетінің сол жақ тоннелінің, «Жібек Жолы» бекетінің оң жақ бекеттік тоннелінің, «Байқоңыр» бекетінің сол жақ бекеттік тоннелінің, «Алмалы» бекетінің орта бекеттік тоннелінің құрылыс жұмысы басталды, сонымен қатар «Байқоңыр» бекетінің ылди өткелі мен жер асты дәлізінің құрылысы басталды.

25 мамыр – «Абай» және «Алмалы» бекеттерінің арасындағы өткелдік тоннель «Абай» бекетінің көлденең камерасымен түйістіру.

10 маусым – «Абай» және «Алмалы» бекеттерінің арасындағы сол жақ өткелдік тоннелді «Абай» бекетінің көлденең камерасымен түйістірілді ( «Херренкнехт» үңгу кешенімен).

«Алмалы» бекетінің оң жақ бекеттік тоннелінің құрылысы аяқталды.

Құбырлардан корғаныс экраны салу басталды.

Экранды орнату үшін «Херренкнехт АГ» фирмасының микротоннелөткелдік кешен (МТПК) AVN -600 қолданылды.

3 тамыз - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев метрополитен нысандарын аралап көрді.

«Алмалы» бекетінің сол жақ бекеттік тоннелінің және «Тұлпар» бекетінің сол жақ бекеттік тоннелінің сыртқы әрлеу жұмыстары мен құрылысы аяқталды.

2008 жыл

16 қаңтар – «Алматы» бекетінің орта бекеттік өткелдік тоннелінің құрылыс жұмыстары аяқталды.

2 наурыз – «Абай» бекетінің оң жақ бекеттік тоннелінің құрылысын ЖАҚӘ әдісі бойынша іске асыру басталды.

10 наурыз – «Тұлпар» бекетінің оң жақ бекеттік тоннелінің құрылысын ЖАҚӘ әдісі бойынша іске асыру басталды.

15 сәуір - «Абай» және «Байқоңыр» бекеттерінің оң жақ өткелдік тоннелдерін бөлшектеу камерасымен түйістіру. Аталған түйістірумен «Райымбек» және «Алатау» бекеттерінің арасындағы оң жақ өткелдік тоннелді салу жұмыстары аяқталды.

25 шілде – «Абай» және «Байқоңыр» бекеттерінің арасындағы соңғы түйістіру жұмыстары аяқталды. Бірінші кезектегі өткелдік тоннелдердің құрылыс жұмыстары аяқталды.

x