English (UK)РусскийKazakh

Компания туралы

«Алматыметроқұрылыс» АҚ Байкал-Амур магистралінің, Новосібір, Мәскеу, Ташкент қалаларының метрополитендерінің көлік және шахта құрылыс кәсіпорындарының және Қазақстан Республикасының тау-кен өндіру шахталары кәсіпорындары негізінде құрылған.

«Алматыметроқұрылыс» АҚ Красноярск қаласының метрополитен құрылысына қатысты, Қазан метрополитенінің тіке бағандарын орнатумен және өткелдік тоннелдерді қазумен айналысты, сонымен қатар Астана қаласындағы Есіл өзенінің жағалауын абаттандыруға ат салысты.

Алматы қаласы метрополитенін белігленген уақытында іске қосу үшін «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның қызметкерлері құрылыстың жаңа техникасы мен заманауи технологияларын игерді. ТМД аумағында алғаш рет Австриялық жаңа қазба әдісі қолданылды (ЖАҚӘ) бекеттік тоннелдерді салуда тоннелдер арқылы топырақ тасу үшін өзі жүретін техника қолданылды.

Алматы қаласы метрополитенінің бірінші кезегін салу барысында 21,5 км қашықтықтағы таулы жер қойнауы қазылып, оның ішінде өткелдік тоннелдің 16 км, ЖАҚӘ бекеттік тоннелдерінің 1600 м. көбі қазылды.

Дәлме-дәл D=5,6/5 темір бетонды сылақпен сыланған өткелдік тоннелдердің құрылысына диаметрі 5,85 болатын, топырақты шетінен өткелдік тоннелдер арқылы тасымалдайтын «Herrenknecht AG» компаниясының жоғары өндірісті тоннел қазба кешені (ЖТҚК) қолданылған. 

Көлік ағымдары жоғары көшелердің астымен тоннелдер салу барысында қорғау экрандарын орнату үшін «Herrenknecht AG» компаниясының АVN-600 микроөткелдік кешені қолданылды.

«Алматыметроқұрылыс» АҚ Ресей Тонел Ассоциациясының және Қазақстан Республикасы құрылысшылар ассоциациясының мүшесі.

«Алматыметроқұрылыс» АҚ жер асты қойнауын игеру бойынша түгелдей қызметтерді көрсету бойынша мамандандырылады: жер асты көлік құрылымдарын салу, жер асты жаяу жүргіншілер өткелі, инженерлік коммуникацияларды өткізу үшін микротоннелдеу арқылы коллекторлы тоннелдерді салу сияқты жұмыстармен айналысады.

«Алматыметроқұрылыс» АҚ-да:

- ірі жер асты құрылыстарын, темір жол және автокөлік тоннелдерін жобалау әдістерін терең меңгерген, жоғары өтілді, тәжірибелі мамандар;

- жер асты қойнауын кешенді түрде игеріп, қолдану, жер асты көлік ғимарттарын, жер асты жаяу жүргіншілер өткелі, инженерлік коммуникацияларды өткізу үшін микротоннелдеу арқылы коллекторлы тоннелдерді салуға арналған потенциалды техникалық 
мүмкіншіліктер;

- ЖАҚӘ әдісі бойынша құрылыс жүргізуге арналған құрал- жабдықтар, тоннелді экскаваторлар, торкреттеуге арналған экскаваторлар, геотехникалық және гоедезиялық бақылауға арналған құралдар бар.

x